Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезіндегі тестілеу
Сертификат
Тестілеу қорытындысы бойынша шекті балдан өткен шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға қазақ тілінде электрондық сертификат беріледі. Шекті балдан өтпеген жағдайда электрондық сертификат берілмейді. Электрондық сертификаттың жарамдылық мерзімі оны берген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды.
Сертификаттың түпнұсқалығы QR-код арқылы немесе certificate.testcenter.kz сайты арқылы тексеріледі.
Сертификатты қалай алуға болады
Сертификатты 2 жолмен алуға болады.
1-әдіс
Жеке кабинетте
Жеке кабинетке өту үшін app.testcenter.kz сайтына кіру қажет. "Менің іс-әрекетім" бөлімінде тестілеудің сертификаты қолжетімді.

Сайттағы пайдаланушының жеке кабинеті
app.testcenter.kz

certificate.testcenter.kz
сайтында
2-әдіс
Сертификаттарды тексеру сайтында
certificate.testcenter.kz сайтында тестіленушінің жеке коды (ТЖК) бойынша тестілеудің сертификатын жүктеуге болады. Ол үшін сайтта тестілеу түрін, тапсыру жылын, тестіленушінің ЖСН және ТЖК таңдау қажет.