uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезіндегі тестілеу

Апелляция

Апелляцияға берілген өтінім мазмұны және техникалық себебі бойынша қарастырылады.

Тестілеу тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай критерийлердің сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу, тестіленушілердің құқықтарын қорғау мақсатында тестілеу кезеңінде Республикалық апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляцияға келіп түскен өтінімдер тестілеу өткен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Республикалық апелляциялық комиссия мүшелерімен қаралады.

Апелляциялық өтінімде көрсетілген нақты фактілер ғана қарауға жатады. Онлайн апелляция нәтижелері тестіленушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

Апелляция түрлері

Апелляция келесі жағдайларда қаралады:

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

  • Дұрыс жауап дұрыс жауаптардың кодымен сәйкес келмейді (дұрыс жауап нұсқасы көрсетіледі);

  • Дұрыс жауап жоқ;

  • Бір дұрыс жауапты таңдау көзделген тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап бар (барлық дұрыс жауап нұсқалары көрсетіледі);

  • Дұрыс құрастырылмаған тест тапсырмасы;

Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде уәжді негіздеме (толық түсіндірме) көрсетіледі.

Техникалық себептер бойынша:

  • Тест тапсырмасының шартының фрагменті (мәтін, сызба, сурет, кесте) жоқ, соның салдарынан дұрыс жауапты анықтау мүмкін емес.

Апелляцияға өтінішті қалай беру керек

How to appeal image

Техникалық себептер бойынша апелляция

Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш тестілеу барысында беріледі.

Апелляцияға өтініш беру себебіне тест тапсырмасы бар экранның скриншоты көрсетіледі, сондай-ақ уәжді негіздеме қоса берілуі тиіс.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде тестілеу өткізу пунктінде беріледі.


Тестілеу нәтижесі бойынша компьютер экранында тестілеу нәтижесін талдау картасы көрсетіледі, онда таңдалған жауап нұсқасы, әр тапсырма бойынша алған балл, блоктар бойынша және жалпы жинаған балл көрсетіледі.

Сондай-ақ, компьютер экранында «Апелляцияға өту» және «Апелляциясыз аяқтау» функциялары көрсетіледі.


Апелляцияға өту

«Апелляцияға өту» функциясын таңдаған жағдайда, тестіленуші апелляция беру үшін тест тапсырмаларына өтеді.

Апелляциялық өтініште апелляция беру себебі көрсетіліп, уәжді негіздеме қоса берілуі тиіс.

Апелляцияға берілген тест тапсырмалары бойынша жұмысты аяқтағаннан кейін тестіленуші «Апелляцияны аяқтау» батырмасын басады.

Одан кейін экранда апелляцияға берілген тест тапсырмалары бойынша қабылданған өтініштің талдау картасы көрсетіледі.


Апелляциясыз аяқтау

"Апелляциясыз аяқтау" функциясын таңдағанда, апелляцияға өтініш беру мүмкін емес.