uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезіндегі тестілеу

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар білім көлемін айқындау мақсатында тестілеу тапсырады.

Өтініш беру
Инфографика

Тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережелері

Тестілеу кезінде тестіленушіге мына әрекеттерге тыйым салынады:
  • Аудиториядан (компьютерлік сыныптан) тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз шығуға;
  • Төтенше және/немесе тестіленушінің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, тестілеудің соңғы сағатында аудиториядан (компьютерлік сыныптан) шығуға;
  • Сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға;
  • Аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды алып кіруіне және/немесе қолдануына;
  • Тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;
  • Құжаттармен және тестіленушіге жұмыс үшін берілген парақпен алмасуға;
  • Тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;
  • Тестілеу үшін қолданылатын техниканың және қауіпсіздік жүйесінің бүлінуіне алып келетін әрекеттер жасауға;
  • Тестілеу жүйесіне араласуға.
Кіргізуге және / немесе пайдалануға тыйым салынған заттар:
  • Оқу-әдістемелік әдебиеттер, сөздіктер;
  • Тест тапсырмаларының мазмұнын ашатын мәліметтер мен жазбалар бар ақпаратты тасымалдаушы;
  • Әртүрлі форматтағы қағаз;
  • Фото және бейне аппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген мобильді байланыс құралдары (мобильді телефондар, планшеттер, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);
  • Радио-электронды байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, смарт сағат, смарт көзілдірік, диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микро құлаққап).

Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, сәйкесінше акт жасалады. Тестіленуші ағымдағы кезеңдегі тестілеуден шеттетіледі.

Тестілеуді өткізу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе тестілеу ережелері бұзылған жағдайда сәйкесінше акт жасалады. Тестіленуші аудиториядан шығарылады және осы тестілеуді аяқтамайды, аяқтаған жағдайда нәтижелері жойылады.

Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеу кезінде бөгде адам анықталған кезде тестілеу әкімшісі сәйкесінше акт жасайды.

Тестілеу өткізу кезінде анықталған бөгде адам аудиториядан шығарылады, тестіленуші осы тестілеуді аяқтамайды, аяқтаған жағдайда нәтижелері жойылады.

Тестілеу күні тестіленуші өзімен бірге алып келуі қажет:

  • Жеке басын куәландыратын құжат және қалам