uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезіндегі тестілеу

Тестілеуге дайындық

Тест тапсырмаларын әзірлеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 24-5\007-321 хаттамалық шешімі негізінде «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесін және оны оқытудың тиісті әдістемесін құру туралы» жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта тестіленушілердің тілдік білімін бағалау мен өлшеуге арналған белгілі бір база қалыптастырылған.

Ересек халыққа арналған қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін ең аз сөздік және сөз тіркестері қоры – лексикалық минимум алғаш рет әзірленді.

Тест тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшылары республикадағы жетекші жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы болып табылады.

Байқау тестілеу

app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетте ҰТО өткізетін барлық тест түрлері бойынша онлайн байқау тестілеу қолжетімді.

Сіз:

  • тестілеу форматы және құрылымымен көре аласыз;
  • негізгі тестілеуге дейін жаттығулармен таныса аласыз;
  • өз дайындық деңгейіңізді бағалай аласыз.
Laptop