uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Бос жұмыс орындары

«Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорнының директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Орталықтың орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Сарырқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 60 ғимараты.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру сапасын арттырудың ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуі, Қазақстан Республикасындағы студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа үлгісінің енгізілуі болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы; техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің www.e-qazyna.kz веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін, автоматты түрде тіркейді.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Анықтама үшін: 8 (7172) 74-24-17

Эл.пошта: roz.akulova@sci.gov.kz

Конкурстық комиссияның 2026 жылғы 29 қаңтардағы шешімімен:

Қаржы және экономика басқармасының басшысы-бас бухгалтері бос лауазымына тағайындауға Назира Есетовна Жамантаеваның кандидатурасы ұсынылды.

Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 60 ғимараты «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 79-98-89.

Қаржы және экономика басқармасының басшысы - бас бухгалтер (1 бірлік). Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 227 371 теңгеден бастап 276 427 теңгеге дейін.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: «Қаржы» немесе «Есеп және аудит», немесе «Экономика» мамандықтар топтамасы бойынша жоғары білім. Функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін облыстарда 7 (жеті) жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішін;

    2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

    3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақтың (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

    4) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

    6) түйіндеме (мемлекеттік тілде);

    7) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

    8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынуға болады.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 60 ғимараты № 110 кабинет, e-mail: okadr.nct@mail.ru

Конкурсқа жіберілген кандидаттар «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК-да әңгімелесуден өтеді.

Конкурстың өтетін орны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Шұбар тұрғын алабы, Родниковый көшесі, 1/1 ғимарат, "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК, анықтама телефоны: 8 (7172) 69-50-63.

Орта білім беру үшін тест тапсырмаларын қалыптастыру басқармасының басшысы (1 бірлік). лауазымдық жалақысы 176729 теңгеден 214859 теңгеге дейін. Талаптар: кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, магистр немесе PhD дәрежесі.

Қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет:

  1. Қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  4. Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі;
  6. Түйіндеме (мемлекеттік тілде).

Құжаттар 15 күн ішінде қабылданады: Астана қаласы, Родниковый көшесі, 1/1 ғимарат, каб. 1104, e-mail: okadr.nct@mail.ru

Үміткерлер "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК-да әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық комиссияның 2024 жылғы 21 мамырдағы шешімімен Олжас Кирибеұлы Елубаевтың Мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының бос лауазымына орналасуға кандидатурасы ұсынылды.