uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Оқытудың қысқартылған түріне арналған ұлттық бірыңғай тестілеу

Сертификат

ҰБТ баллдарын ресми растайтын тестіленушінің бірегей деректері бар электрондық құжат. ҰБТ тапсыру туралы сертификат жоғары оқу орнына түсу үшін қажет.

ҰБТ сертификатының түпнұсқалығы QR-кодтары арқылы немесе certificate.testcenter.kz сайты арқылы тексеріледі

Сертификатты қалай алуға болады

ҰБТ сертификатын 3 жолмен алуға болады.

1-әдіс

Жеке кабинетте

Жеке кабинетке кіру үшін app.testcenter.kz сайтына өту керек. "Менің тарихым" қойындысында электрондық форматтағы барлық ҰБТ сертификаттары бар.

app.testcenter.kz

сайтындағы пайдаланушының жеке кабинеті

cetificate.testcenter.kz

сайтында

2-әдіс

Сертификаттарды тексеру сайтында

certificate.testcenter.kz сайтында тестіленушінің жеке коды (ТЖК) бойынша ҰБТ электрондық форматының сертификатын табуға болады. Ол үшін сайтта тестілеу түрін, тапсырған жылын таңдап, тестіленушінің ЖСН және ТЖК еңгізу қажет.

3-әдіс

EGov mobile-да

EGov mobile мобильді қосымшасына кіру қажет. Басты бетте "Сандық құжаттарға" өтіп, ҰБТ сертификатын таңдаңыз. Қосымшада жарамды ҰБТ сертификаттары көрсетіледі.

EGov mobile-дағы пайдаланушының жеке кабинеті