Оқытудың қысқартылған түріне арналған ұлттық бірыңғай тестілеу
Апелляция түрлері
Апелляция келесі жағдайларда қаралады:
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
-

дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетілген);
-

дұрыс жауап жоқ;
-

тест тапсырмаларында ұсынылған барлық жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдаумен бірнеше дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетілген);
-

дұрыс құрастырылмаған тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде дәлелді негіздеме (толық түсініктеме) көрсетіледі.
Техникалық себептерге байланысты:
-

нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмайтын тест тапсырмасының шарты (мәтіндер, схемалар, суреттер, кестелер) үзіндісі жоқ.
Апелляцияға өтінішті қалай беруге болады

Техникалық себептер бойынша апелляция
Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініштер тестілеу процесінде беріледі.
Апелляцияға өтініш бергенде апелляция беру себебі, тест тапсырмасы бар экранның скриншоты көрсетіледі, сондай-ақ дәлелді негіздеме қосу қажет.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініштер тестілеу тапсыру пунктінде тестілеу аяқталғаннан кейін бірден беріледі.
Тестілеу нәтижелері бойынша компьютер экранында таңдалған жауап нұсқасы, әр тапсырма бойынша алынған балл, блоктар бойынша жинақталған балл және ҰБТ-ның жалпы балы көрсетілген талдау картасы көрсетіледі.
Сондай-ақ, компьютер экранында "Апелляцияға өту" және "Апелляциясыз аяқтау" функциялары көрсетіледі.
Апелляцияға өту
"Апелляцияға өту" функциясын таңдаған жағдайда, тестіленуші апелляцияға беру үшін тест тапсырмаларына ауысады.
Апелляциялық өтініште апелляцияның себебі көрсетіледі және дәлелді негіздемені қосу қажет.
Апелляцияға берілген тест тапсырмаларымен жұмыс аяқталғаннан кейін тестіленуші "Апелляцияны аяқтау" батырмасын басады.
Әрі қарай, экранда апелляцияға берілген тест тапсырмалары бойынша қабылданған өтінішті талдау картасы көрсетіледі.
Апелляциясыз аяқтаңыз
"Апелляциясыз аяқтау" функциясын таңдағанда, апелляцияға өтініш беру мүмкін емес.
