Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 24.12.2024 № 362 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) кандидаттар Кодексті, «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бұйрықтарын білуге сертификаттаудан өтеді.
Тестілеу форматы
Тест тапсырмаларының саны – 48
Тестілеу уақыты – 3 сағат (180 минут)
| № | Мазмұны | Тапсырмаларының саны | Шекті балл саны 50% |
|---|---|---|---|
| 1 | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі | 10 | 5 |
| 2 | «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | 5 |
| 3 | «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | 5 |
| 4 | «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | 5 |
| 5 | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы | 4 | 2 |
| 6 | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы | 4 | 2 |
| Барлығы | 48 | 24 | |
Бағалау:
Ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін – бір
балл, қалған жағдайларда – нөл балл беріледі.
Сертификаттаудан өткені туралы сертификат сертификаттаудан өткен күннен бастап 1 (бір) жыл бойы қолданыста болады.