KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Тестілеуге төленген қаражатты қайтару мынадай жағдайларда қарастырылады:

  • егер тестіленуші бір тестілеуі үшін бір кезеңде екі рет қателесіп төлем жасаса (қосарланған төлем);
  • егер тестіленуші деректер базасы жабылғанға дейін өтінішін жойса;
  • егер тестіленуші тестілеу үшін ақы төлеп, бірақ тестілеуге өтініш бермесе;
  • егер тестіленуші денсаулығына байланысты емделуде немесе карантинде болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса;
  • егер тестіленуші жақын туысының қайтыс болуына байланысты тестілеуге қатыспаса және растайтын құжаттарды ұсынса;
  • егер тестіленуші ауа райының қолайсыздығына байланысты тестілеуге келе алмаған жағдайда растайтын құжаттарды ұсынса;
  • егер тестіленуші жол көлік оқиғасына ұшыраған болса немесе тергеуде болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса;
  • егер тестіленуші мәдениет және спорт саласындағы республикалық және халықаралық олимпиадаларға, спорттық жарыстарға, сондай-ақ республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатысуын растайтын құжаттарды ұсынса;
  • егер тестіленуші қызметтік іссапарды растайтын құжаттарды ұсынса;
  • төтенше жағдай болған кезінде.

Тақырыбы

Мазмұны

1

Қаражатты электронды (онлайн) төлем арқылы төлеген төлемдерді жеке тұлғаларға қайтару

Жасалған төлемді қайтару үшін

1)   ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығының» РМҚК директорының атына ӨТІНІШ;

2)   Жеке куәліктің көшірмесі;

3)   Екінші деңгейлі Банктен 20 сандық шот;

4)   Банк карточкасының көшірмесі (алдыңғы жағы);

5)   Электронды(онлайн) түбіртек.

6)   Егер екі рет төленген жағдайда,электронды(онлайн) түбіртектің екеуін де жіберу қажет.

7)   Егер тест тапсырушының орнына ата-анасы төлесе, баласының туу туралы куәлігінің көшірмесін қосу керек.

 

Барлық құжатты Ұлттық тестілеу орталығының электронды почтасына uto@testcenter.kz  жіберу қажет.

2

Қаражатты банк кассасы, терминал, казпочта арқылы төленген

төлемдерді жеке тұлғаларға қайтару

Жасалған төлемді қайтару үшін

1)   Ұлттық тестілеу орталығының директорының атына ӨТІНІШ;

2)   Жеке куәліктің көшірмесі;

3)   Екінші деңгейлі Банктен 20 сандық шот;

4)   Банк карточкасының көшірмесі (алдыңғы жағы);

5)   Түбіртек (квитанция) түпнұсқасын.

6)   Егер екі рет төленген жағдайда, түбіртектің екеуін де жіберу қажет.

7)   Егер тест тапсырушының орнына ата-анасы төлесе, баласының туу туралы куәлігінің көшірмесін қосу керек.

 

Барлық құжатты Ұлттық тестілеу орталығының мекенжайына почта арқылы: Астана қаласы, Родниковая көшесі, үй 1/1, жіберу қажет.