uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантура (PhD докторантура)

ДТЕ нәтижелерін хабарлау

Түсу емтиханының нәтижесі түсу емтиханы өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады. ДТЕ нәтижелерімен түсуші жеке кабинетінде таныса алады.

Сертификат

ДТЕ балдарын ресми түрде растайтын, тестіленушінің бірегей деректері бар электрондық құжат.

Сертификаттың түпнұсқалығы QR-код немесе certificate.testcenter.kz сайты арқылы тексеріледі.

Сертификатты қалай алуға болады

Сертификатты алудың екі тәсілі бар.

1 тәсіл

Жеке кабинетте

Жеке кабинетке кіру үшін app.testcenter.kz сайтына кіру қажет. «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ДТЕ сертификаты электронды форматта қолжетімді.

app.testcenter.kz

сайтындағы тестіленушінің жеке кабинеті

certificate.testcenter.kz

сайтында

2 тәсіл

Сертификаттарды тексеру сайтында

certificate.testcenter.kz сайтында тестіленушінің жеке коды (ТЖК) бойынша ДТЕ сертификатын алуға болады. Ол үшін сайтта тестілеу түрін, тапсырған жылын, тестіленушінің ЖСН және ТЖК таңдау қажет.