Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантура (PhD докторантура)
Апелляция
ДТЕ нәтижелерімен келіспеген жағдайда, түсуші апелляцияға өтініш бере алады.
Күн
Емтихан тапсыру
Күн
Нәтижені алу
Күн
Апелляция
Эссе жазу, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап жазу бөлімдерінен және (немесе) ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу бойынша апелляцияға берілген өтініште дәлелді негіздеме көрсетілмесе (жауап жоқ, толық түсіндірме, тапсырманың толық шешімі), қарастыруға жатпайды.

Апелляцияға өтініш қабылдау
Апелляцияға өтініш емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ден 13:40-қа дейін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдардың базасында беріледі.

Апелляцияға өтініш беру орны
Түсуші апелляцияға өтінішті ДТЕ тапсырған түсу емтиханын өткізу пунктіне барып береді.

Апелляцияға өтініш беру уақыты
ДТЕ апелляциясына өтініш беруге 40 минут беріледі.

Апелляция берілген өтініштерді қарастыру
Эссе жазу, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар блоктары бойынша апелляцияға өтініштерді ЖЖОКБҰ апелляциялық комиссиялары қарастырады.
ЖЖОКБҰ апелляциялық комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Апелляцияға берілген өтініштердің нәтижелерімен танысу
Емтихан нәтижелері түсушінің жеке кабинетінде апелляция нәтижелерін ескере отырып көрсетіледі.
ЖЖОКБҰ апелляциялық комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.