uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезіндегі тестілеу

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар білім көлемін айқындау мақсатында тестілеу тапсырады.

Өтініш беру

Тестілеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау

Тестілеуге қатысуға арналған өтінімді тестіленуші Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде тапсырады.

Инфографика
Мерзімдер

    Тестілеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті белгілеген мерзімдерде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында өткізіледі.

    Летний период

    Өтінімдерді қабылдау және тестілеу өткізу мерзімдері туралы ақпарат testcenterkz әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтындағы «Жаңалықтар» бөлімінде орналастырылады.

app.testcenter.kz сайтындағы пайдаланушының жеке кабинеті

Өту

Жеке кабинетке кіру және тіркелу жөніндегі нұсқаулық

Ашу

Жеке кабинеттегі аккаунтты қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық

Ашу
Өтініш беру алгоритмі
  • app.testcenter.kz сайтына кіріп, интерфейс тілін таңдау
  • өтініштер беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау міндетті)
  • өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль көрсетілген хатты өшіруге болмайды
  • ЖСН көрсетіп, «Іздеу» батырмасын басып (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және байланыс телефон нөмірін көрсету
  • «Өтініш беру» қойындысына өтіп, «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау немесе қалпына келтіру кезінде өткізілетін тестілеу» тармағын таңдау
  • тестілеу тапсыру тілін таңдау: қазақ немесе орыс тілі
  • тіркеу үшін деректерін толтыру
  • тестілеу өткізу қағидаларымен танысып, танысқаныңызды растау
  • офертамен танысып, келісетінін растау
  • төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасау қажет
  • барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады

Тестілеуге қатысуға арналған өтінішті тестіленуші онлайн режимде Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.

Түсуші өз еркімен тестілеу тапсыру қаласын таңдайды.

Берілген өтініш талапкердің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде орналастырылады.

Тестілеу өтетін пункт, күні мен уақыты туралы ақпарат тестіленушінің жеке кабинетінде «Менің тарихым» бөлімінде қолжетімді болады.

Инфографика

Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған қала мен тестілеу күні өзгертілмейді

Берілген өтінішті өзгерту алгоритмі
Егер тестіленуші берілген өтінішіне өзгерістер енгізуі қажет болса (қаланы немесе тестілеу тілін өзгерту), өтініштерді қабылдау базасы жабылғанға дейін өзгерістер енгізу мүмкіндігі беріледі.
  • жеке кабинетке кіру
  • «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
  • өтініншті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу
  • өзгерістер енгізу
  • түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет
Берілген өтінішті жою алгоритмі
Егер тестіленуші өтініштерді қабылдау базасы жабылғанға дейін тестілеуге қатысудан бас тартса, жеке кабинетінде өз өтінішін жоюы қажет.
  • жеке кабинетке кіру
  • «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
  • өтініншті ашып, «Өтінішті жою» батырмасын басу
  • Өтінішті жоюды растау

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін тестілеуге төленген ақы қайтарылмайды.

Бұл ретте, тестілеу үшін төленген ақша қаражаты тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейінгі 1 жылға дейінгі мерзімде қайтарылады.

Толығырақ Стрелка