Ғылыми-педагогикалық магистратураға (ҒПМ) кешенді тестілеу
Сертификат
Тестіленушінің бірегей деректері бар, кешенді тестілеу балдарын ресми растайтын электрондық құжат.
Магистратураға түсу үшін КТ тапсырғаны туралы сертификат қажет.Сертификаттың түпнұсқалығы QR-код арқылы немесе certificate.testcenter.kz сайты арқылы тексеріледі.
Сертификаттардың жарамдылық мерзімі

20 шілде - 10 тамыз аралығында өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

18 қараша - 11 желтоқсан аралығында өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.
Сертификатты қалай алуға болады
Сертификатты 2 жолмен алуға болады.
1-әдіс
Жеке кабинетте
Жеке кабинетке кіру үшін app.testcenter.kz сайтына кіру қажет. «Менің іс-әрекетім» бөлімінде КТ сертификаты электронды форматта қолжетімді.

Сайттағы пайдаланушының жеке кабинеті
app.testcenter.kz

certificate.testcenter.kz
сайтында
2-әдіс
Сертификаттарды тексеру сайтында
certificate.testcenter.kz сайтында тестіленушінің жеке коды (ТЖК) бойынша электрондық форматтағы КТ сертификатын жүктеуге болады. Ол үшін сайтта тестілеу түрін, тапсыру жылын, тестіленушінің ЖСН және ТЖК таңдау қажет.