Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу
магистратураға түсу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы, бір мезгілде бірнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан нысаны
Өтініш беру
Халықаралық сертификаттардың балдарын аудару
Магистратураға түсетін тұлғалар шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде, балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес келесі тілдер бойынша аударыла отырып, шет тілі бөлімінен өз қалауымен босатылады:
- ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test);
- неміс тілі: DSH (Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang), TestDaF-Prüfung;
- француз тілі: TFI (Test de Français International™), DELF (Diplôme d’Études en Langue Française), DALF (Diplôme Approfondi de Langue Française), TCF (Test de Connaissance du Français).
Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар тұлғалар КТ-ға қатысу үшін, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау кезінде сертификат деректерін енгізуі қажет.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімін республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары тексереді.