uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

  • Басты бет
  • Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары

Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары

testcenter 31 мая, 2024

Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз.
Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 71 мың  адам тест тапсырды.

Оның ішінде:

  • талапкерлердің 74% – шекті балл жинады;
  • орташа балл – 67 балл;
  • ең жоғары балл – 137 балл (үш адам жинаған);
  • ерекше білім беру қажеттілігі бар 266 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 126 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 94 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылды;
бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Таңғы лекте ҰБТ тапсырушылардың орташа балы түстен кейінгі лекте тапсыратын талапкерлерден жоғары. Қазіргі уақытта айырмашылық 5 балды құрайды: сәйкесінше 69 және 64 балл.