Ғылыми-зерттеу қызметі
Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу
Жобаның атауы
Жасанды интеллект пен білім беру аналитикасын қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін кешенді диагностикалау мен бағалаудың әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу
Ғылыми жетекшісі: Байжанов Нурсейт Абсаттарович
Кезеңі: 2026
Мақсаты: Жасанды интеллект пен білім беру аналитикасын қолдана отырып, педагогтердің кәсіби құзыреттерін кешенді диагностикалау мен бағалаудың әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу, оның ішінде бағаланатын құзыреттердің құрылымын, критерийлер мен көрсеткіштер жүйесін, білім беру деректерін интеграциялау қағидаттарын және нәтижелерді аналитикалық тұрғыдан интерпретациялау үшін жасанды интеллектті пайдаланудың тұжырымдамалық моделін негіздеу.
Өзектілігі: Жобаның өзектілігі педагогтердің кәсіби құзыреттерін бағалаудың қазіргі қолданыстағы тәсілдерінің жеткіліксіз тиімділігімен, олардың фрагменттілігімен және нәтижелерді талдаудың шектеулі болуымен байланысты. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогикалық қызметті бағалаудың дәлдігін, объективтілігін және жүйелілігін арттыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды технологияларды енгізу қажеттілігі артуда.
Күтілетін нәтижелер: Педагогтердің кәсіби құзыреттерін кешенді диагностикалаудың әдіснамалық моделі әзірленді, диагностикалық деректерді өңдеу және талдау барысында жасанды интеллект технологияларын қолдану тәсілдері негізделіп, апробациядан өткізілді, педагогтерді бағалау жүйесіне цифрлық және ЖИ құралдарын енгізу бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар қалыптастырылды, зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми жарияланымдар дайындалды.