uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу

"Педагогикалық өлшемдер" журналы
"Педагогикалық өлшемдер" журналы рецензияланатын ғылыми-тәжірибелік журнал болып табылады. Құрылтайшысы - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
«Педагогикалық өлшемдер» ғылыми-тәжірибелік журналының мақсаты – білім беру нәтижелерін бағалау және білім сапасын басқару саласындағы озық білімді дамыту және таратудың жетекші алаңы болу.
Журналдың ұмтылысы:

идеялармен, зерттеу нәтижелерімен және инновациялық тәсілдермен алмасу алаңын ұсына отырып, педагогикалық өлшемдер теориясы мен практикасындағы прогреске ықпал ету;

Қазақстан мен шет елдердің ғалымдарын, практиктері мен зерттеушілерін біріктіре отырып, Халықаралық ғылыми қоғамдастықты қалыптастыру және нығайту;

тиімді әдістемелер мен технологияларды енгізуге ықпал ете отырып, білім беру нәтижелерін бағалау және білім сапасын басқару саласындағы озық тәжірибені тарату;

білім мен тәжірибе алмасу кеңістігін құра отырып, білім беру үрдерісінің әртүрлі қатысушылары арасындағы диалог пен ынтымақтастықты ынталандыру;

психометрикалық талдаудың заманауи әдістеріне, жасанды интеллекттің және білім беруді бағалаудағы басқа да озық технологиялардың рөліне баса назар аудара отырып, білім беру үдерісіне инновацияларды енгізуге ықпал ету.

Редакциялық алқа мен халықаралық редакциялық кеңес құрамына жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді.

Журнал электронды түрде шығарылады, сайттағы жарияланымдардың толық мәтінді нұсқалары барлық тілек білдірушілерге шектеусіз танысуға қол жетімді.

Журналдың тақырыптық бағыты:

білім беру нәтижелерін бағалаудың заманауи тәсілдері және білім беру сапасын басқару;

жасанды интеллект және білім беруді бағалаудағы инновация.

Мұрағаттар

№1 (2025) шығарылым

Тақырыбы: бағалаудың заманауи әдістері, психометрика.

Жарияланған уақыты: 28.03.2025

№2 (2025) шығарылым

Тақырыбы: бағалаудың заманауи әдістері, психометрика.

Жарияланған уақыты: 25.06.2025

№3 (2025) шығарылым

Тақырыбы: бағалаудың заманауи әдістері, психометрика.

Жарияланған уақыты: 29.09.2025

№4 (2025) шығарылым

Тақырыбы: бағалаудың заманауи әдістері, психометрика.

Жарияланған уақыты: 05.12.2025

Жариялау тәртібі

Жариялау этикасы

Жариялау үдерісіне қатысушылардың этикалық мінез-құлық нормалары, принциптері мен стандарттары.

Ашу

Авторларға арналған нұсқаулық

Мақаланы ресімдеу ережелері, материалдар құрылымы және қолжазбаларды ұсынуға қойылатын талаптар.

Ашу

Материалдарды жіберу

Қолжазбаларды журнал редакциясына ұсыну тәртібі, байланысу және ұсыну нысаны.

Ашу

Редакциямен байланысу бойынша ақпарат

Редакция е-mail: journal@testcenter.kz

Индекстер / ISSN: ISSN 3105-4161