uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу

Астана қаласында Ұлттық тестілеу орталығы мен халықаралық ETS сарапшыларының «Admissions Insight Test» (AIT) жаңа форматтағы тестілеу жобасы бойынша бірлескен жұмыс аптасы өткізілді

Астанада Ұлттық тестілеу орталығы мен халықаралық ETS сарапшыларының бірлескен жұмыс аптасы қорытындыланды. Сапар барысында сарапшылар Қазақстанның Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбеновамен кездесіп, Admissions Insight Test (AIT) деп аталатын жаңа тестілеу моделінің алғашқы нәтижелерін таныстырды. Бұл жоба аясында жүргізілген талдаулар қазіргі ҰБТ жүйесін жетілдіріп, тек академиялық білімді емес, сонымен қатар сын тұрғысынан ойлау, талдау және цифрлық сауаттылық сияқты заманауи дағдыларды бағалауға басымдық беру керектігін көрсетті. Жобаны дайындау барысында ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен оқушылардың пікірі ескерілді. Академиялық ортаның 90%-ға жуығы жаңа модельдің қажеттілігін қолдаса, мектеп қауымдастығы бұл өзгерістердің ашық, әділ және барлық аймақтар үшін қолжетімді болуы маңызды екенін атап өтті. Министрліктегі кездесуде болашақ тесттің психометрикалық сенімділігіне және Ұлттық тестілеу орталығының технологиялық инфрақұрылымының елдегі жоғары оқу орындарына іріктеу жүйесін жаңғыртудың негізгі кезеңіне айналатын жаңа буынның ауқымды емтихандарын өткізуге дайындығына ерекше назар аударылды.