Ғылыми-зерттеу қызметі
Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу
Жобаның атауы
«Физика» пәні бойынша бағалау материалдарының мазмұндық валидтілігіне аудит жүргізу
Ғылыми жетекшісі: Ауезханова Анар Жумагалиевна
Кезеңі: 2025
Жоба физика пәні бойынша бағалау материалдарының мазмұндық валидтілігіне аудит жүргізу негізінде Ұлттық тестілеу орталығының ішкі сараптама жүйесін дамытуға бағытталған. Халықаралық тәсілдер мен ғылыми негізделген талдау әдістерін енгізу тестілеу үдерістерін жетілдіруге және бағалау материалдарының ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Жоба шеңберінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Физика» пәні бойынша бағалау материалдарына кешенді мазмұндық аудит жүргізілді. Физика пәні бойынша тест тапсырмаларының мазмұны оқу бағдарламаларына, тест спецификациясына және тексерілетін дағдылардың Блум таксономиясы деңгейлеріне сәйкестігі тұрғысынан талдау жасалды. Сонымен қатар, Орталық қызметкерлері үшін валидтілікті бағалау әдіснамасы бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар Орталықтың ішкі сараптама жүйесін тұрақты дамытуға негіз болып, алдағы уақытта бағалау материалдарының мазмұндық валидтілігін сараптамалық зерттеулерлі дербес жүргізуге мүмкіндік береді.
Жобаның күтілетін нәтижелері физика және өзге де пәндер бойынша бағалау материалдарының валидтілігін кешенді түрде өз бетінше бағалауға мүмкігдігін кеңейту, сондай-ақ олардың ұлттық білім стандарттары мен халықаралық талаптарға сәйкестігін арттыру.
Жобаны іске асыру нәтижесінде бағалау саласында тұрақты ішкі сараптама жүйесін қалыптастыруға, Орталық қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және емтихан материалдарын талдауда ғылыми негізделген тәсілдерді енгізуге мүмкіндік туады. Халықаралық сарапшылармен ынтымақтастық болашақта валидтілік аудитін дербес жүргізу жүйесін нығайтуға жол ашады.
Ұлттық тестілеу орталығының ішкі зерттеу жүйесін халықаралық тәжірибе негізінде дамыту – тестілеу үдерістерін жетілдіріп, білім беру саласындағы бағалау жүйесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба шеңберінде халықаралық сарапшылардың әдістемелік қолдауымен қатар бағалау материалдарының салыстырмалылығын бағалауға арналған зерттеу дизайнын әзірленіп, ол отандық тәжірибеге бейімделеді. Сонымен қатар, мазмұндық валидтілікті бағалауда объективті талдау әдістерін енгізіледі.