uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу

Жобаның атауы

Тест тапсырмаларын кешенді психометриялық зерттеу және оның негізінде ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған оқу-әдістемелік құрал әзірлеу

Ғылыми жетекшісі: И.У. Сагындыков

Кезеңі: 2025

Жоба ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларына кешенді психометриялық талдау жүргізуге және оның нәтижелері негізінде сертификаттық тестілеуге дайындыққа арналған жаңа форматтағы оқу-әдістемелік ресурсты әзірлеуге бағытталған. Әзірленетін ресурс CEFR шкаласына (A1–C1) сәйкес құрылып, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) қамтиды. Жоба аясында Item Response Theory (IRT) модельдері қолданылып, тест тапсырмаларының валидтілігі мен сенімділігі қамтамасыз етіледі.

Жобаның мақсаты: ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын психометриялық талдау және оның негізінде CEFR (A1–C1) деңгейлеріне сәйкес келетін, сертификаттық тестілеуге ғылыми негізделген дайындықты қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік ресурсты әзірлеу.

Негізгі міндеттері:

  • ҚАЗТЕСТ тест тапсырмаларына кешенді психометриялық талдау жүргізу.
  • Халықаралық тілдік тестілеу тәжірибесін (CEFR, IELTS, TOEFL) зерделеу және бейімдеу.
  • Деңгейлік оқу-әдістемелік ресурсты әзірлеу.
  • Диагностикалық, жаттығу және қорытынды тапсырмалар жүйесін қалыптастыру.
  • Мультимедиялық материалдар әзірлеу (аудио).

Ғылыми жаңалығы: Жобаның ғылыми жаңалығы психометриялық талдауды (IRT, AERA, APA, NCME стандарттары) ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған оқу-әдістемелік ресурсты әзірлеу процесіне интеграциялаумен айқындалады. Алғаш рет ҚАЗТЕСТ үшін CEFR шкаласына толық сәйкес келетін деңгейлік дайындық моделі психометриялық деректермен негізделеді.

Күтілетін нәтижелер:

  • CEFR (A1–C1) деңгейлері бойынша құрылымдалған оқу-әдістемелік ресурс.
  • Психометриялық тексеруден өткен тапсырмалар банкі.
  • ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуінің объективтілігі мен сенімділігінің артуы.
  • Баспа және цифрлық форматтарда дайындықтың қолжетімділігі.

Ғылыми үлес: Зерттеу нәтижелері бойынша психометрия, лингводидактика және тілдік бағалау салалары бойынша ғылыми мақалалар дайындалып, отандық және халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланады. Жоба нәтижелері ұлттық тілдік тестілеу жүйесін ғылыми негізде жетілдіруге және ҚАЗТЕСТ жүйесін халықаралық стандарттармен үйлестіруге үлес қосады.