uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу

Жобаның атауы

Білім беру жүйесінде бағалау және талдау мақсатында валидті және сенімді тест тапсырмалары қорын қалыптастыру үшін генеративті нейрожелілердің мүмкіндіктерін зерттеу

Ғылыми жетекшісі: Байжанов Нурсейт Абсаттарович

Кезеңі: 2025

Зерттеу тест тапсырмаларын әзірлеуді автоматтандыру, эсселерді бағалау және талдама жасау үшін Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) қызметіне генеративті ЖИ-ді интеграциялауға бағытталған. Жоба тапсырмаларды әзірлеудің көп ресурсты қажет ететін процестерін оңтайландыруға және әлемдік тәжірибе негізінде тестілеу жүйесінің жаңа АТ-архитектурасын ұсынуға, емтихан материалдарының жеделдігі мен жоғары валидтілігін қамтамасыз етуге арналған.

Зерттеу мақсаттары:

Генерацияны автоматтандыру: ҰБТ сұрақтарын қалыптастыруға арналған практикалық ЖИ-құралын жасау, бұл материалдарды дайындау уақытын айтарлықтай қысқартады.

Ашық формаларды бағалау: Эсселерді тексеру үшін (ETS компаниясының E-Rater жүйесінің үлгісі бойынша) NLP-алгоритмдерін енгізу. «Адам + машина» комбинациясы жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді және оқушыларға диагностикалық кері байланыс береді.

Зияткерлік талдау: Үлкен деректерді өңдеу, жасырын паттерндер мен білімдегі олқылықтарды анықтау үшін машиналық оқытуды қолдану.

Күтілетін нәтижелер:

Математика бойынша жұмысшы прототип: Басқа пәндерге бейімдеуге (масштабтауға) болатын тест сұрақтарын генерациялаудың дайын құралы.

Интеграциялау методологиясы: Бағалау процедураларына және талдамалық есептілік дайындауға ЖИ-ді енгізу бойынша ұсынымдар.

Ғылыми танылу: Нәтижелерді халықаралық журналдарда жариялау және құралдың тиімділігін сарапшылық деңгейде растау.

Жобаның құндылығы:

Жоба ҰТО-ның бағалау қызметін жаңа технологиялық деңгейге көтеріп, тест әзірлеу процесінің қиындығын азайтады. Бұл технологияларды енгізу аймақтық деңгейде ҰТО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және Қазақстандағы білім беруді бағалаудың заманауи жүйесінің негізін қалайды.