uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу

Жобаның атауы

Психометрикалық талдаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, ҰБТ пәндері бойынша тест тапсырмаларының сапасын зерттеу және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Ғылыми жетекшісі: Абдрасилов Болатбек Серикбаевич

Кезеңі: 2025

Жоба заманауи психометрикалық әдістерді қолдана отырып физика және математика пәндері бойынша ҰБТ тест тапсырмаларының сапасын кешенді бағалауға бағытталған. Жобаның мақсаты тапсырмалардың қиындығы мен дискриминативтілігін, сондай-ақ тесттер мен тестілеу нәтижелерінің сенімділігі мен валидтілігін қоса алғанда, тест тапсырмаларының және жалпы тесттердің сипаттамаларындағы нақты кемшіліктерді анықтау болып табылады. Алынған нәтижелер негізінде тест тапсырмаларының сапасын жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасалды.

Жоба шеңберінде заманауи әдістерді қолдана отырып, тест тапсырмаларына психометрикалық талдау, ҰБТ тапсыру нәтижелеріне талдау жүргізілді, сондай-ақ болашақта ЖИ модельдерін оқыту және тест тапсырмаларын автоматты түрде рецензиялау бойынша ЖИ-сервис құру үшін ҰБТ-ның "проблемалық" тест тапсырмаларының дерекқорлары құрылды.

Жобаның күтілетін нәтижелері психометрикалық талдаудың заманауи әдістеріне негізделген ҰБТ тест тапсырмаларының сапасын жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді. Нәтижелер рецензияланатын ғылыми журналдарына жарияланымдар түрінде, сондай-ақ психометрикалық талдаудың заманауи әдістеріне негізделген ҰБТ тест тапсырмаларының сапасын жақсарту бойынша әдістемелік ұсынымдар түрінде ұсынылды.

Жобаның нәтижелері Қазақстан Республикасында ҰБТ жүйесін дамыту үшін үлкен маңызға ие. Олар тестілеудің объективтілігі мен әділдігін арттыруға, сондай-ақ талапкерлердің күйзелісін төмендетуге ықпал етеді.

Жобаны жүзеге асыру ұлттық тестілеу контекстінде психометрикалық талдау әдіснамасын дамытуға, білім беру практикасына тест тапсырмаларының сапасын бағалаудың заманауи әдістерін енгізуге, жоғары оқу орындарына талапкерлерді іріктеу жүйесін жақсартуға ықпал етеді. Жоба сондай-ақ ҰБТ жүйесінің объективтілігі мен әділдігін арттыруға, жоғары оқу орындарына қабылдау үдерісіне байланысты әлеуметтік шиеленісті төмендетуге және қазақстандық түлектердің Халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң әсер тигізеді.