Шет тілдерінен түсу емтиханы
Өтініш беру

Тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережелері
Тестілеу кезінде тестіленушіге тыйым салынады:
- Аудиториядан дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын түсу емтиханы тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
- Сөйлесуге, орын ауыстыруға;
- Аудиториядан 2 рет және ұзақтығы 10 минуттан артық шығуға;
- Құжаттармен және жұмыс үшін түсушіге берілетін А4 форматындағы қағазымен алмасуға;
- Құжаттарды және жұмыс үшін түсушіге берілетін А4 форматындағы қағаздыы аудиториядан шығаруға, сондай-ақ оларды жырту, бүктеу арқылы бүлдіруге;
- Жұмыс үшін түсушіге берілген A4 форматыдағы қағазды өзімен бірге алып кетуге;
- Тестілеу ғимараттарына тыйым салынған заттарды әкелу және пайдалану.
- Тестілеу басталар алдында және тестілеу барысында шу шығару;
- Тестілеу тапсырмалары мен емтихан сұрақтарының мазмұнын талқылауға, жария етуге және шығаруға;
- Тестілеу барысында пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
- Тестілеу барысында тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне немесе тестілеуді өтуге байланысты бұзушылықтарға.
Әкелуге және/немесе пайдалануға рұқсат етілмейді:
- Шпаргалкаларды, қағазды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, сөздікті
- Калькулятор, фотоаппарат
- Ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, SmartPhone)
- Рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді
- Смарт көзілдірікті, смарт сағаттарды, смарт жүзіктерді, фитнес-білезіктерді
- Диктофондарды, сымды, сымсыз және микроқұлаққаптарды, микрофонды, сымсыз бейнекамераларын
- GPS навигаторларын, GPS трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын
- Басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM, 3G, 4G, 5G, VHF, UHF, Wi-Fi, GPS, Bluetooth, Dect
Кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, сәйкесінше акт жасалады және түсуші тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеу өткізу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе тестілеу ережелері бұзылған жағдайда сәйкесінше акт жасалып, тестіленуші аудиториядан шығарылады. Тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.
Тестілеуге кіргізу немесе өткізу кезінде бөгде тұлға анықталған жағдайда, түсуші ағымдағы жылы қайта тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеу күні түсуші өзімен бірге алып келуі қажет:
- Жеке басын куәландыратын құжат және қалам