uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Шет тілдерінен түсу емтиханы

Өтініш беру

Апелляция

Апелляцияға өтініш мазмұны бойынша және техникалық себептер бойынша қаралады.

Бірыңғай өлшемшарттардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, тестілеуді өткізу кезеңінде түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында Республикалық апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляцияға берілген өтініште баяндалған нақты фактілер қарауға жатады.

Апелляция түрлері

Апелляция келесі жағдайларда қаралады:

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

  • дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

  • дұрыс жауап жоқ;

  • барлық ұсынылған жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау арқылы тест тапсырмаларында бір бірден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

  • тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.

Тест тапсырмаларын қайта қарау туралы мазмұндық өтініш берген кезде мотивациялық негіздеме (толық түсіндірме) көрсетіледі.

Техникалық себептер бойынша:

  • тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) болмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда.

Апелляцияға өтінішті қалай жіберуге болады

How to appeal image

Техникалық себептерге байланысты апелляция

Техникалық себептерге байланысты апелляциялық өтініштер тестілеу процесінде беріледі.

Апелляциялық өтініште апелляция беру себебін, тест тапсырмасы бар экранның скриншотын, сондай-ақ дәлелді негіздеме қосу қажет.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін бірден тестілеу өткізу пунктінде беріледі.


Тестілеу қорытындысы бойынша компьютер экранында таңдалған жауап нұсқасы көрсетілген тест нәтижелерін талдау картасы, әрбір тапсырма бойынша алынған балл, блоктар бойынша және жалпы жинаған балл көрсетіледі.

Сонымен қатар компьютер экранында «Мазмұны бойынша өтініш беру» және «Өтініш бермей аяқтау» функциялары да көрсетіледі.


Апелляцияға өту

Апелляцияға өту функциясын таңдаған жағдайда тестіленуші апелляцияға арналған тест тапсырмаларына өтеді.

Апелляцияға өтініш беру барысында апелляцияны беру себебі және оған негізделген түсініктеме қоса беріледі.

Апелляцияға берілген тест тапсырмаларын орындауды аяқтағаннан кейін тестіленуші «Апелляцияны аяқтау» батырмасын басады.

Одан кейін экранда апелляцияға берілген тест тапсырмалары бойынша қабылданған өтініштің талдау картасы көрсетіледі.


Апелляциясыз аяқтау

«Апелляциясыз аяқтау» функциясын таңдағанда апелляцияға өтініш беру мүмкін емес.