uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Бейіндік магистратураға (БМ) кешенді тестілеу

Апелляция

Апелляцияға өтініш мазмұны бойынша және техникалық себептер бойынша қаралады.

Бірыңғай өлшемшарттардың сақталуын қамтамасыз ету және тестілеуді өткізу кезеңінде тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті орган апелляция жөніндегі Комиссия құрады.

Апелляцияға келіп түскен өтініштерді республикалық апелляциялық комиссияның мүшелері тестілеу өткізілген күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды.

Апелляциялық арызда баяндалған нақты фактілер қаралуға жатады. Онлайн апелляция нәтижелері өтініш берушінің Жеке кабинетінде көрсетіледі.

Апелляция түрлері

Апелляция келесі жағдайларда қаралады:

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

  • дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетілген);

  • дұрыс жауап жоқ;

  • тест тапсырмаларында ұсынылған барлық жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдаумен бірнеше дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетілген);

  • дұрыс құрастырылмаған тест тапсырмасы;

Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде дәлелді негіздеме (толық түсініктеме) көрсетіледі.

Техникалық себептерге байланысты:

  • дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмайтын тест тапсырмасының (мәтін, схемалар, суреттер, кестелер) үзіндісі жоқ.

Апелляцияға қалай жүгінуге болады

How to appeal image

Техникалық себептер бойынша апелляция

Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініштер тестілеу процесінде беріледі.

Апелляциялық шағымда апелляцияның себебі, тест тапсырмасы бар экранның скриншоты көрсетіледі, сондай-ақ дәлелді негіздеме қосу қажет.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін бірден тестілеуді тапсыру пунктінде 30 минут ішінде беріледі.


Тестілеу қорытындысы бойынша компьютер экранында таңдалған жауап опциясын көрсете отырып, тестілеу нәтижелерін талдау картасы, сондай-ақ әрбір тапсырма бойынша жинаған балл және блоктар бойынша жинаған баллдардың сомасы және жалпы балл көрсетіледі.

Сондай-ақ, компьютер экранында "апелляцияға өту" және "апелляциясыз аяқтау" функциялары көрсетіледі.


Апелляцияға өту

"Апелляцияға өту" функциясын таңдаған жағдайда, тестіленуші апелляцияға беру үшін тест тапсырмаларына ауысады.

Апелляциялық шағымда апелляцияның себебі көрсетіледі және дәлелді негіздемені қосу қажет.

Апелляцияға берілген тест тапсырмаларымен жұмыс аяқталғаннан кейін тестіленуші "апелляцияны аяқтау" батырмасын басады.

Әрі қарай, экранда апелляцияға берілген тест тапсырмалары бойынша қабылданған өтінішті талдау картасы көрсетіледі.


Апелляциясыз аяқтау

"Апелляциясыз аяқтау" функциясын таңдағанда, апелляцияға өтініш беру мүмкін емес.