uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға сертификаттық тестілеу ҚАЗТЕСТ

Сертификат

Қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгергенін растайтын сертификаттық тестілеу нәтижесінің көрсеткішін қамтитын электронды құжат.

Сертификаттың түпнұсқалығы QR-кодтар арқылы немесе certificate.testcenter.kz сайты арқылы тексеріледі.

Тестілеу нәтижесі

Тестіленуші белгілі бір деңгейдің сертификатын алу үшін әр блок бойынша дұрыс жауаптардың 30%-дан 80% аралығындағы пайыздық шекті балын жинау қажет. Бұл ретте Жазылым және Айтылым блоктарының максималды балы 50 балл болып табылады.

Тестілеу нәтижелері жеке және заңды тұлғаларға тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Жеке тұлғаларға:

  • деңгейді растағанда (тегі, аты, ЖСН көрсетілген сертификат беріледі);
  • деңгейді растамағанда әр блоктан жинақтаған балл саны көрсетілген анықтама беріледі.

Заңды тұлғаларға:

  • деңгейді растағанда (тегі, аты, ЖСН көрсетілген сертификат беріледі, сонымен қатар тестілеу нәтижелерінің тізімдерін алу мүмкіндігі бар).

Сертификатты қалай алуға болады

Сертификатты алудың екі тәсілі бар.

1 тәсіл

Жеке кабинетте

Жеке кабинетке кіру үшін app.testcenter.kz сайтында авторизациядан өту қажет. «Менің іс-әрекетім» қосымша бетінде ҚАЗТЕСТ сертификаттары электронды форматта қолжетімді.

app.testcenter.kz

сайтындағы тестіленушінің жеке кабинеті

certificate.testcenter.kz

сайтында

2 тәсіл

Сертификаттарды тексеру сайтында

certificate.testcenter.kz сайтында тестіленушінің жеке коды (ТЖК) бойынша электронды форматтағы ҚАЗТЕСТ сертификатын алуға болады. Ол үшін сайтта тестілеу түрін, тапсырған жылын, тестіленушінің ЖСН және ТЖК-ін енгізу қажет.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі

2

жыл

сертификаттың берілген күнінен бастап

(2024 жылғы 15 қазаннан бастап берілген сертификаттар үшін)