ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған сертификаттық тестілеу
Апелляция
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу нәтижелерін алғаннан кейін нәтижемен келіспегенде жүзеге асатын рәсімдердің түрі.
Бірыңғай өлшемшарттардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, тестіленушілердің құқықтарын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляцияға келіп түскен өтініштерді Апелляциялық комиссия күнтізбелік 28 күн ішінде қарастырады және нәтижесі тестіленушінің жеке кабинетіне жолданады.
Апелляцияға берген өтініште баяндалған нақты фактілер қаралуға жатады.
Апелляция ақылы негізде жүзеге асырылады. Апелляция құны - 4 132 теңгені құрайды.
Апелляция түрлері
Апелляция келесі жағдайларда қаралады:
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
-

app.testcenter.kz интернет-ресурсы арқылы беріледі;
-

өтініш ақылы негізде 2 ЖҰМЫС КҮНІ ішінде тапсырылады (төленбеген апелляциялық өтініш қаралмайды);
-

тестіленуші тестілеудің барлық блоктары бойынша нәтижелерді алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде ұсынылады;
-

апелляциялық комиссия отырысы басталғанға дейін берілген өтінішті кері қайтарып алуға болады.
Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде дәлелді негіздеме (толық түсініктеме) көрсетілуі тиіс.
Техникалық себептер бойынша:
-

тапсырмаларда үзінді, мәтін немесе аудиофайл жетіспеген жағдайда
Апелляцияға өтінішті қалай жіберуге болады

Техникалық себептерге байланысты апелляция
Техникалық себептерге байланысты апелляциялық өтініштер тестілеу процесінде беріледі.
Апелляциялық өтініште апелляция беру себебін, тест тапсырмасы бар экранның скриншотын, сондай-ақ дәлелді негіздеме қосу қажет.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция
«Тыңдалым» және «Оқылым» блоктары бойынша тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция тест аяқталғаннан кейін беріледі, ал «Жазылым» және «Айтылым» блоктары бойынша апелляция тесттің барлық блоктары бойынша нәтижелерді алғаннан кейін жеке кабинет арқылы беріледі.
Тесттің нәтижесі бойынша компьютер экранында таңдалған жауап нұсқасы, сондай-ақ әр тапсырма бойынша жинаған балл және «Тыңдалым» мен «Оқылым» блоктары бойынша жинаған жалпы балл көрсетілген талдау картасы көрінеді.
Сонымен қатар компьютер экранында «Мазмұны бойынша өтініш беру» және «Өтініш бермей аяқтау» функциялары да көрсетіледі.
Апелляцияға өту
Егер тестіленуші «Апелляцияға өту» функциясын таңдаса, ол «Тыңдалым» және «Оқылым» блоктары бойынша апелляцияға өтініш беру үшін тест тапсырмаларына өтеді.
Апелляцияға өтініш беру үшін апелляцияға өтініш беру себебі көрсетіледі және дәлелді негіздеме қосу қажет.
Тестіленуші апелляцияға берілген тест тапсырмаларымен жұмысты аяқталғаннан кейін, «Апелляцияны аяқтау» батырмасын басады
Содан соң экранда апелляцияға берілген тест тапсырмалары бойынша қабылданған өтініш бойынша талдау картасы көрсетіледі.
Апелляциясыз аяқтау
«Шағымданбай аяқтау» функциясын таңдаған жағдайда, «Тыңдалым» және «Оқылым» блоктары бойынша апелляцияға өтініш беру мүмкін емес.
«Жазылым» және «Айтылым» блоктары бойынша апелляцияға өтініш беру.
Жеке кабинетте бұрын берілген «Тыңдалым» және «Оқылым» блоктары бойынша апелляциялар туралы ақпарат көрсетіледі, сонымен қатар «Жазылым» және «Айтылым» блоктары бойынша апелляция беру мүмкіндігі қолжетімді.
Апелляцияға өтініш беру еркін нысанда, толық негіздемесімен рәсімделеді.
Негіздеме жазылып болғаннан кейін, апелляцияға өтініш беру үшін 2 жұмыс күні ішінде төлем жасау қажет.
