uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған диагностикалық тестілеу

Тестілеуге дайындық

Тест тапсырмалары қолданыстағы нормативтік құжаттар (сондай-ақ стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, тест спецификациялары, оқу-әдістемелік құралдар және т.б.) негізінде әзірленеді.

Тест спецификациясы – тест тапсырмалары базасын жасау жұмысының құрылымы мен мазмұнын анықтайтын құжат. Тест спецификациясы тұтастай тесттің негізгі сипаттамаларын, тест тапсырмаларының мазмұны мен формаларын, сондай-ақ тесттің құрылымын қамтиды.

Тест тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшылары жоғары оқу орындарының тәжірибелі оқытушылары, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар филолог-мамандар (қазақ тілі мен әдебиеті) болып табылады.

Байқау сынағы

app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетте ҚАЗТЕСТ бойынша онлайн байқау сынағы қолжетімді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынағы тыңдалым және оқылым блоктары бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.

Laptop