Ғылыми-зерттеу қызметі
Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу
Жобаның атауы
Педагогтердің кәсіби құзыреттерін бағалау емтихандарының халықаралық бенчмаркингі негізінде педагогтердің білімін бағалау жүйесін зерттеу
Ғылыми жетекшісі: Орлов Давид Михайлович
Кезеңі: 2026
Жобаның өзектілігі: Қазақстанда аттестациялау процедураларын цифрландырудың аяқталуы теориялық білімді тексеруден педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін кешенді диагностикалауға көшуді талап етеді. Ұлттық ПББ жүйесінің сапасын халықаралық бенчмаркинг және заманауи психометриялық стандарттар арқылы растау қажет.
Мақсаты мен ғылыми жаңалығы: Жүйелі валидизация негізінде ПББ жүйесін жетілдіру. Жобаның жаңалығы - тапсырмаға жауап беру теориясын (IRT) қолдануда және ғылыми негізделген бағалау моделін жасау үшін тесттерді озық әлемдік аналогтармен салыстыруда.
Күтілетін нәтижелер: Тесттердің валидтілігі мен қиындық деңгейіне халықаралық бенчмаркинг және психометриялық талдау жүргізу.
ПББ мазмұнын жаңарту бойынша ұсынымдар әзірлеу және аттестацияның объективтілігін арттыру үшін рецензияланатын ғылыми басылымдарда мақалалар жариялау.