Ғылыми-зерттеу қызметі
Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу
Жобаның атауы
Қазақ тілін жетік (С2) деңгейде меңгерудің ұлттық моделінің ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу: бірүлгі бағдарлама, лексика-грамматикалық минимум және бағалау құралдарының жобасы (пилоттық зерттеу)
Ғылыми жетекшісі: Махмутов Болат Бижанович
Кезеңі: 2026
Өзектілігі: Жаһандану кезеңінде қазақ тілін халықаралық стандарттарға (CEFR) сәйкес бағалау — стратегиялық міндет. Қазіргі ҚАЗТЕСТ жүйесінде жетік деңгейдің (С2) ғылыми негізделген сипаттамасы жоқ, бұл тілді халықаралық деңгейде танытуға кедергі келтіреді.
Мақсаты: Қазақ тілін меңгерудің жетік (С2) деңгейінің ұлттық ғылыми-әдістемелік моделін әзірлеу.
Нәтижесі: ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық талаптарға толық сәйкестендіріледі, мемлекеттік тілдің кәсіби және ғылыми ортадағы қолданыс аясы кеңейеді.