uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу

Жобаның атауы

Дағдыға бағытталған тестілеу негізінде педагогтердің білімін бағалауды жаңғырту

Ғылыми жетекшісі: Мақаш Ермек Нұрсұлтанұлы

Кезеңі: 2026

Қазіргі білім беру жүйесінде педагогтердің тек теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар нақты кәсіби жағдайларда тиімді әрекет ету қабілетін объективті бағалауға деген сұраныс қарқынды түрде артып отыр. Бұл білім сапасын арттыру, педагог кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және халықаралық стандарттарға сәйкестікті күшейту қажеттілігімен тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасындағы педагогтердің білімін бағалаудың (ПББ) қолданыстағы жүйесі негізінен пәндік білімді дәстүрлі тест тапсырмалары арқылы тексеруге бағытталған. Алайда мұндай тәсіл педагогтің шынайы кәсіби қызметіндегі шешім қабылдау, педагогикалық жағдаяттарды талдау және білімін тәжірибеде қолдану қабілетін толыққанды айқындауға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты жобаның өзектілігі педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін кешенді бағалауды қамтамасыз ететін, халықаралық тәжірибеге (мысалы, Praxis) сәйкес келетін дағдыға бағытталған (skills-oriented) тестілеу моделін зерттеу қажеттілігімен айқындалады.

Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы ПББ жүйесін құзыреттілік және дағдыға бағытталған тестілеу негізінде бағалау тетіктерін жаңғырту арқылы жетілдіру және ғылыми тұрғыда негіздеу.

Негізгі міндеттер:

Жоба нәтижесінде:

  • халықаралық тәжірибеге (Praxis, TALIS) және ұлттық білім беру мазмұнына сәйкес дағдыға бағытталған тестілеу негізінде педагогтердің білімін бағалау форматының жобасы ұсынылады;
  • ПББ жүйесін жаңғыртуға арналған арнайы емтихан құрылымы зерделенеді;
  • әзірленген құралдарды білім беру тәжірибесіне енгізу бойынша ғылыми-әдістемелік ұсынымдар ұсынылады;
  • педагогтердің практикалық дағдыларын бағалауға бағытталған тапсырмалар әзірленеді (кейс-тапсырмалар, жағдаяттық есептер).