uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылымды дамыту – озық шешімдерді енгізу

Түркия Республикасында өткен 4th SCITEED 2026 халықаралық конгресіне Ғылыми зерттеулер және психометрика зертханасының меңгерушісі Л.Е. Шинетова қатысты

Ұлттық тестілеу орталығының атынан Ғылыми зерттеулер және психометрика зертханасының меңгерушісі Шинетова Ляззат Ермековна 2026 жылғы 6–8 сәуір аралығында Түркия Республикасында өткен 4th SCITEED International Congress & Exhibition on Current Trends on Science Technology Education халықаралық конгресіне қатысты.

SCITEED халықаралық конгресі – ғылым, технология және білім беру салаларындағы өзекті мәселелерді талқылайтын, соның ішінде STEM-білім беру бағытындағы заманауи үрдістерге арналған беделді алаң. Іс-шараға әртүрлі елдерден жетекші ғалымдар, зерттеушілер мен білім беру саласының мамандары қатысып, тәжірибе алмасу және ғылыми байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болды.

Конгресс барысында Шинетова Ляззат Ермековна білім берудегі бағалау жүйелерін дамыту, психометрика саласындағы заманауи тәсілдер және тестілеу үдерістерін жетілдіру бағыттарындағы халықаралық тәжірибемен танысты. Сонымен қатар, STEM-білім беру аясындағы инновациялық әдістер мен цифрлық технологияларды қолдану мәселелері кеңінен қарастырылды.

Іс-шара шеңберінде шетелдік әріптестермен кәсіби пікір алмасып, білім сапасын бағалаудың жаңа модельдері, тест тапсырмаларының сенімділігі мен валидтілігін арттыруға бағытталған ғылыми тәсілдер талқыланды. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Конгресс қорытындысы бойынша алынған тәжірибе мен жаңа білімдер Ұлттық тестілеу орталығының ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіруге, сондай-ақ білім беру сапасын бағалау жүйесін халықаралық деңгейде дамытуға ықпал етеді.