uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

app.testcenter.kz сайтына тіркелу туралы

Жарияланды: 29 октября 2026

app.testcenter.kz сайтына тіркелу туралы

  1. 🔻 Ең бірінші app.testcenter.kz сайтына кіресіз.
  2. 🔻 Интерфейс тілін таңдайсыз.
  3. 🔻 Ары қарай «Тіркелу» бөлімін басасыз да, өзіңіздің электронды поштаңызды жазасыз.
  4. 🔻 Одан кейін электронды поштаңызға кіріп, Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатты тауып аласыз. Хатты ашып, «Электронды мекен-жайды растау» батырмасын басасыз.
  5. 🔻 Сізге мәліметтерді толтыру парақшасы ашылады. Бұл жерде 18-ге толғаныңызды немесе толмағаныңызды көрсетесіз. Егер 18-ге толсаңыз, өз ЖСН-ыңызды енгізесіз. 18-ге толмасаңыз, ата-анаңыздың мәліметтерін көрсетесіз. Байланыс нөмірін жазыңыз. Жеке мәліметтерге келісім сұратыңыз.
  6. 🔻 18-ге толсаңыз, Сізге немесе 18-ге толмасаңыз, ата-анаңызға 1414 нөмірінен смс-хабарлама келеді. Жауап беріңіз. Содан соң «Келісімді тексеру» батырмасын басыңыз. «Жалғастыруды» басып, Дербес деректерге қол жеткізуге келісімімен танысыңыз. «Сақтау» батырмасын басыңыз.
📩

Сіздің логин мен құпия сөзіңіз ҰТО-дан келген хатта болатынын атап өткен жөн. Егер хатты «Кіріс» жәшігінен таба алмасаңыз, «Спам» және «Барлық пошта» жәшіктерін тексеру қажет.