Admission Insight Test: ETS ұйымындағы тағылымдаманың алғашқы екі аптасы
Жарияланды: 30 октября 2026
🌍 15 қазаннан бастап Admission Insight Test (AIT) жобасының командасы Educational Testing Service (ETS) ұйымында тағылымдамадан өтуде.
📚 Алғашқы екі аптада Ұлттық тестілеу орталығының мамандары мен жобаны әзірлеуге тартылған сарапшылар ETS Research Institute мамандары мен профессорлары өткізген қарқынды оқыту бағдарламасына қатысты.
🔍 Тағылымдама аясында қатысушылар тест әзірлеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, қажеттіліктерді талдау, тест мазмұнына сараптама жүргізу, кәсіби стандарттарды сақтау және бағалаудың әділдік қағидаттарын қамтамасыз ету бағыттары бойынша білімдерін жетілдіруде.
🤝 Сонымен қатар әр қатысушыға ETS зерттеушілері арасынан тәлімгерлер бекітіліп, бірлескен жұмыс жүргізілуде. Бағдарлама кәсіби тәжірибе алмасуға және ETS ұйымының жұмыс мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп отыр.
🚀 Тағылымдама барысында жинақталған білім мен тәжірибе Admission Insight Test жобасын дамытуға және Қазақстандағы тестілеу жүйесін халықаралық озық тәжірибелер негізінде жетілдіруге бағытталады.