uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

2026 жылғы 26 шілдеде докторантураға түсуші үміткерлер үшін электронды форматтағы ҚАЗТЕСТ өтеді

Жарияланды: 21 июля 2026

📣2026 жылғы 26 шілдеде докторантураға түсуші үміткерлер үшін электронды форматтағы ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі келесі қалаларда өтеді:
📍Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан.

📆Өтініш қабылдау мерзімі:
22-24 шілде аралығында
📆Тестілеу күні: 26 шілде

✅Өтініштер app.testcenter.kz сайтында қабылданады:
🔻сайтта тіркеліңіз;
🔻«Өтініш беру» басыңыз;
🔻«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз.
🔻«ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу» басыңыз.

⚜️ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:
✔️Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
✔️Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
✔️Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
✔️Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).

‼️Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.
Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады

💸Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.

ℹ️Толық ақпарат: testcenter.kz сайтында «ҚАЗТЕСТ» бөлімінде қолжетімді.

🙌Баршаңызға сәттілік тілейміз!