uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

31 қаңтарда ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі өткізіледі

Жарияланды: 14 января 2026


2026 жылғы 31 қаңтарда қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі электронды форматта келесі қалаларда өтеді:


Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан.


Өтініш қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15-30 қаңтар

Тестілеу күні: 2026 жылғы 31 қаңтар


Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады:


– сайтта тіркеліңіз;

– «Өтініш беру» басыңыз;

– «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз.


ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:

Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);

Оқылым  – 40 тест тапсырмасы (50 минут);

Жазылым  – 2 тапсырма (50 минут);

Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).


Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.


Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «ҚАЗТЕСТ» бөлімінде қолжетімді.


ҚАЗТЕСТ – ТЕСТІЛЕНУШІ НҰСҚАУЛЫҒЫ


Баршаңызға сәттілік тілейміз!