uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 1 июля 2025
Өтініш беру кезінде тек тестілеу ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) таңдай аласыздар.
Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
ДТЕ-ға қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.
МАҢЫЗДЫ:
1)TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 5 тамызда түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңгені құрайды;
2)Түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек;
3)Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады;
4)Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл – 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша шекті балл – 50 балл.