uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

21 маусымда ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі өткізіледі

Жарияланды: 11 июня 2026


2026 жылғы 21 маусымда қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған электронды форматта ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі келесі қалаларда өтеді:


Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан.


Өтініш қабылдау мерзімі: 12-19 маусым аралығында

(Өтініш қабылдау 19 маусым сағат 23:59-да  аяқталатынын ескертеміз)

Тестілеу күні: 21 маусым


Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады:

– сайтта тіркеліңіз;

– «Өтініш беру» басыңыз;

– «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз.

– «ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу» басыңыз.


ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:

Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);

Оқылым  – 40 тест тапсырмасы (50 минут);

Жазылым  – 2 тапсырма (50 минут);

Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).


Сертификат алу үшін тестіленуші әр блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.

Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады.


Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.


Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «ҚАЗТЕСТ» бөлімінде қолжетімді.


ҚАЗТЕСТ – ТЕСТІЛЕНУШІ НҰСҚАУЛЫҒЫ


Баршаңызға сәттілік тілейміз!