uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89
Жарияланды: 23 апреля 2026
📍Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан.
📆Өтініш қабылдау мерзімі: 24 сәуір – 3 мамыр аралығында
📆Тестілеу күні: 5 мамыр
✅Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады:
🔻сайтта тіркеліңіз;
🔻«Өтініш беру» басыңыз;
🔻«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз.
🔻«ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу» басыңыз.
⚜️ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:
✔️Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
✔️Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
✔️Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
✔️Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
‼️Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.
Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады
💸Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.
ℹ️Толық ақпарат: testcenter.kz сайтында «ҚАЗТЕСТ» бөлімінде қолжетімді.
🙌Баршаңызға сәттілік тілейміз!