uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

🙋🏻‍♀️Құрметті магистратураға түсушілер!

Жарияланды: 29 мая 2026


💻Сіздерге 2026 жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz қосымшасы арқылы магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.
⏳Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.


📍Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.


‼️Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 14 шілде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.


🔻ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА
✅Шекті балы – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).

Оның ішінде:
✔️Шет тілі – кемінде 25 балл;
✔️ОДАТ – кемінде 7 балл;
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).


🔻БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА
✅Шекті балл – 30 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).

Оның ішінде:
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).


💰КТ-ға қатысу құны 14 693 теңге.
✊Барлығыңызға сәттілік тілейміз!