uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

🖌️ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР

Жарияланды: 15 июня 2026


👆Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер шығармашылық емтиханға қатысу үшін 20 маусым – 10 тамыз аралығында жоо-ға өтініш береді. Емтихандардың өзі 7 шілде – 15 тамыз аралығында өтеді.


👆Ал грант конкурсына қатысу үшін шығармашылық емтиханға өтінішті 7 шілдеге дейін беру қажет. Емтиханды 20 шілдеге дейін тапсырып үлгеру қажет.


📌Емтихандар дәстүрлі форматта, яғни офлайн болады.

🏢ГРАНТ КОНКУРСЫНА қатысу үшін тек бір мамандық және бір жоғары оқу орнын таңдауға болады.
🏢Жоғары оқу орнына АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ түсу үшін басқа жоо-да тапсырылған емтихан нәтижесін қолдануға болады.


💡 Бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер де шығармашылық мамандықтарға түсе алады. Ол үшін «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаттылығы» пәндерінен шекті балл жинап, шығармашылық емтихан тапсыру қажет. Құжат тапсыру кезінде таңдау өз қолыңызда: бес пәннің нәтижесі қажет мамандық па, әлде шығармашылық бағыт па?


📞Қосымша сұрақтар бойынша ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ХАБАРЛАСУ ҚАЖЕТ.