uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89
Жарияланды: 14 июля 2026
🤝Admissions Insight Test жаңа қабылдау емтиханының моделін әзірлеу жұмысына ҰТО, ҚР ҒЖБМ және ETS сарапшылары бірлесіп қатысуда. Мұндай ынтымақтастық ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін терең түсінуді білім беру саласындағы халықаралық үздік тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан тарапынан жобаға тест тапсырмаларын әзірлеу, психометрия, ұлттық емтихандарды ұйымдастыру және білім беру саясаты саласында көпжылдық тәжірибесі бар ҰТО мен министрліктің мамандары қатысуда.
Жобалау кезеңіне қатысу үшін Астанаға ETS сарапшылары келді:
✔️Терран Браун – ETS ұйымының атқарушы директоры, АҚШ-тағы ірі ұлттық бағалау бағдарламаларын басқару тәжірибесі бар психометрик. Тест тапсырмаларының сапасы мен емтихан өткізу платформаларына жауап береді.
✔️Эстер Тесар – емтихан үдерістерін ұйымдастыру жөніндегі стратегиялық кеңесші, ауқымды емтихандарды ұйымдастыру жүйелері бойынша сарапшы.
✔️Гуанмин Лин – зерттеулер жөніндегі директор, тестілеудің валидтілігі, сенімділігі және әділдігі бойынша ондаған ғылыми жарияланымның авторы.
✔️Усама Али – ETS зерттеу институтының өлшемдер саласындағы бас ғылыми қызметкері, ЭЫДҰ-ның PISA және PIAAC халықаралық зерттеулерінің жетекші психометрі.
✔️Шона Руис-Диас – математика бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу және олардың сапасын бағалау жөніндегі маман.
✔️Кристина Шольц – бағалау технологиялары бойынша аға маман, тест тапсырмаларын әзірлеуден бастап емтиханды цифрлық форматта өткізу және нәтижелерін өңдеуге дейінгі барлық үдерістермен айналысады.
📚Қазақстандық және халықаралық сарапшылардың бірлескен жұмысы ғылыми негізделген, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескеретін жаңа қабылдау емтиханының моделін әзірлеуге мүмкіндік береді.