uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 8 июля 2026
💻Сіздерді кешенді тестілеудің форматымен таныстырып өтейік. Магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.
🎓БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА
🏢Оқу мерзімі: 1-1,5 жыл;
🔻Тест тапсырмаларының саны – 50, жалпы балл – 70 балл;
🔻Тестілеу ұзақтығы – 100 минут (1 сағ. 40 мин).
✅Кешенді тестілеу 1 бөлімнен тұрады:
✔️1 бөлім. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен 20 тапсырма беріледі. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7 балл.
📌Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы түрде оқуға шекті балл – кемінде 30 балл.
💡МАҢЫЗДЫ: Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар тұлғалар қалауы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.
👏Толық ақпарат www.testcenter.kz сайтында «Тестіленушілерге» ➡️ «Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу» бөлімінде таныса аласыздар. Сәттілік!