uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

📣Құрметті магистратураға түсушілер!

Жарияланды: 8 июля 2026


💻Сіздерді кешенді тестілеудің форматымен таныстырып өтейік. Магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.


🎓ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА


🏢Оқу мерзімі: 2 жыл;
🔻Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150 балл;
🔻Тестілеу ұзақтығы – 235 минут (3 сағ. 55 мин).


✅Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
✔️1 бөлім. Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25 балл;
✔️2 бөлім. Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7 балл;
✔️3 бөлім. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен 20 тапсырма беріледі. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7 балл.
📌Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы түрде оқуға шекті балл – кемінде 75 балл.


💡МАҢЫЗДЫ: Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар тұлғалар қалауы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.
👏Толық ақпарат www.testcenter.kz сайтында «Тестіленушілерге» ➡️ «Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу» бөлімінде таныса аласыздар. Сәттілік!