uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89
Жарияланды: 13 июля 2026
🤝ҰТО, ETS және ҚР ҒЖБМ бірлескен командасы Admissions Insight Test (AIT) жаңа қабылдау емтиханының пилоттық апробациясын талқылауға кірісті. Пилоттық зерттеуді алдын ала 2027 жылдың көктемінде өткізу жоспарлануда.
📑Кездесу барысында пилоттық зерттеудің моделі мен тест тапсырмаларының сапасын бағалау тетіктері қарастырылды. ETS-тің халықаралық стандарттарына сәйкес әрбір тапсырма бірнеше кезеңнен тұратын эмпирикалық тексеруден өтеді: когнитивтік зерттеулерден бастап пилоттық және ауқымды далалық тестілеуге дейін. Бұл тапсырмалардың сапасын, объективтілігі мен әділдігін бағалауға мүмкіндік береді.
🖌️Пилоттық апробация қолданыстағы емтихан рәсімдерінен бөлек өткізіледі және талапкерлерге әсер етпейді. Жаңа модельді апробациялау кезеңінде қолданыстағы ҰБТ жүйесі өзгеріссіз сақталады, ал пилоттық зерттеу нәтижелері тек AIT емтиханының дизайны мен тапсырмаларын жетілдіру мақсатында пайдаланылады.
🖌️Жоба бойынша жұмыс жалғасуда. ETS сарапшыларының жұмыс сапарының қорытындысы бойынша барлық жобалық шешімдер пысықталып, жаңа қабылдау емтиханы моделін одан әрі жетілдіруге негіз болады.