uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

📣ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ

Жарияланды: 31 марта 2026


💻2026 жылғы 1-6 сәуір аралығында app.testcenter.kz сайтында ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА өтініштерді қабылдау жүргізіледі.


📆ПББ-ның өзі 2026 жылғы 7-15 сәуір аралығында өтеді.


✅Бұл тестілеуге қатыса алады:
✍️біліктілікті арттыратын немесе растайтын педагогтер (2026 жылы бірінші мүмкіндік тегін, екінші мүмкіндік – 5640 тг.);
✍️педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша колледж және жоо түлектері болып табылатын тәжірибесі жоқ кандидаттар және педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг.).


📝Педагогтер үшін тестілеу 1 блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады.
⏰Тестілеу ұзақтығы – 80 минут, ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 125 минут.


ℹ️Толығырақ testcenter.kz сайтында «Тестіленушілерге» ➡️ «Педагогтердің білімін бағалау» бөлімінде таныса аласыздар.