uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

📣Назарларыңызға қаңтар ҰБТ-сының аралық қорытындыларын ұсынамыз.

Жарияланды: 2 февраля 2026


⏳Қаңтар ҰБТ-сы басталғалы бері 139 мың адам тест тапсырды.
✅Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 64 балл (бес пән бойынша);
✔️ең жоғары балл – 138 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 328 талапкер қатысты.


🙅🏻‍♀️Ереже бұзғаны үшін 244 адамның нәтижесі жойылды.
Атап өтсек:
🚫тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 152 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 92 адам шығарылды;
❌бөгде тұлғалар анықталған жоқ.


☝️Естеріңізге сала кетейік, қаңтар ҰБТ-сы 10 ақпанға дейін өтеді.