uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 26 января 2026
⏳Қаңтар ҰБТ-сы басталғалы бері 90 мың адам тест тапсырды.
✅Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 61 балл (бес пән бойынша);
✔️ең жоғары балл – 138 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 260 талапкер қатысты.
🙅🏻♀️Ереже бұзғаны үшін 173 адамның нәтижесі жойылды.
Атап өтсек:
🚫тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 108 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 65 адам шығарылды;
❌бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
☝️Естеріңізге сала кетейік, қаңтар ҰБТ-сы 10 ақпанға дейін өтеді.