uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

📣Назарларыңызға қаңтар ҰБТ-сының аралық қорытындыларын ұсынамыз.

Жарияланды: 19 января 2026


⏳Қаңтар ҰБТ-сы басталғалы бері 36 мың адам тест тапсырды.
✅Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 60%-ы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 57 балл (бес пән бойынша);
✔️ең жоғары балл – 131 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 156 талапкер қатысты.


🙅🏻‍♀️Ереже бұзғаны үшін 94 адамның нәтижесі жойылды.
Атап өтсек:
🚫тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 56 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 38 адам шығарылды;
❌бөгде тұлғалар анықталған жоқ.


☝️Естеріңізге сала кетейік, қаңтар ҰБТ-сы 10 ақпанға дейін өтеді.