uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 22 июня 2026
⏳Негізгі ҰБТ басталғалы бері 292 мыңға жуық рет тест тапсырылды.
✅Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 64 балл (бес пән бойынша);
✔️ең жоғары балл – 140 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 735 талапкер қатысты.
🙅🏻♀️Ереже бұзғаны үшін 624 адамның нәтижесі жойылды.
Атап өтсек:
🚫тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 385 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 238 адам шығарылды;
🚫Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 1 адамның нәтижесі жойылды;
❌бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
☝️Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін өтеді.